Мұнай бағасы төмендеп жатыр

2 129

Фото: istockphoto.comӘлемдік мұнай бағасы әлі де төмендеп жатыр. Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 63 долларға дейін төмендеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы маусымдағы фьючерстер бағасы 3,29 пайызға төмендеп, Астана уақытымен 08:28-де барреліне 63,69 доллар болды.

WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері 3,59 пайызға арзандап, барреліне 59,82 доллар болды.Сарапшылардың айтуынша, мұнай бағасының төмендеуіне АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы себеп болып отыр – бұл жанармайға деген жаһандық сұраныстың азаюына алып келуі мүмкін деген алаңдаушылық туғызды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.