Елімізде субсидияға онлайн өтінім қабылдайтын портал өз жұмысын бастады
425
Қазақстанда «АӨК субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі» толық көлемде іске қосылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Барлық техникалық нюанстар ретке келтірілген және портал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдерін қабылдауға дайын.
СБМАЖ субсидиялауға өтінімдерді ресімдеу кезінде фермерлер үшін балама ретінде әзірленді.
Өтінім беру, субсидияны өңдеу және алу gosagro.kz веб-порталында жүзеге асады.
Жүйе толығымен автоматтандырылған және ақысыз негізде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
СБМАЖ арқасында фермерлердің субсидияларды алудың орындылығын растау үшін қосымша анықтамалар ұсыну қажеттілігі жойылады.
Өйткені талап етілетін ақпарат басқа мемлекеттік ақпараттық жүйемен, соның ішінде жер учаскелері, ауыл шаруашылығы жануарлары, техника және арнайы көлік жөніндегі деректермен, кооператив мүшелері туралы мәліметтермен, сондай-ақ «алқаптар картасымен» біріктірілген.
Инвестициялық субсидия бөлігінде құрылыста мемлекеттік сараптама жүргізу туралы деректерді алу үшін «E-ЖСҚ» ақпараттық жүйесімен интеграциялау жұмысы басталды.
Субсидиялаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі бюджеттің болуына қарамастан өтінімге реттік нөмір бере отырып, «күту парағы» қағидаты бойынша жұмыс істейді.
Бюджет фермердің тарапынан қосымша әркетсіз «күту парағында» өтінімдердің кезектілігі бойынша ғана бөлінетін болады.
Бұл тәсіл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және субсидия төлеу кезінде адами факторды болдырмайды.
«Күту парағына» келіп түскен өтінім мақұлданған болып есептеледі және тек тиісті қаржыландыруды күтеді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі өз тарапынан пайдаланушыларға ыңғайлы қызмет көрсету үшін бар күшін салып жатыр.
Барлық туындаған қателер мен ұсыныстар қысқа мерзімде пысықталып отырады.
Барлық сұрақтар бойынша +7(7172)67-71-17 телефон нөміріндегі байланыс орталығына немесе gosagro@minagri.gov.kz электрондық поштасы мен t.me/gosagrokz Telegram каналы арқылы хабарласуға болады.
Жүйе жаңа болғандықтан, күн сайын екі сағат субсидиялаудың барлық бағыттары бойынша онлайн-демонстрациялар өткізіледі.
Мұнда әрбір көрсетілетін қызметті алушы әзірлеушілермен бірге онлайн режимде өтінім бере алады. Портал аталған форматта ақпан айы бойы жұмыс істейді.
Сонымен қатар, қолданыстағы субсидиялау қағидаларына сәйкес, фермерлерден өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімдері белгіленді.
Негізгі өтінімдерді қабылдау биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап ашылады.