Биылғы егіс жұмыстарына бөлінген дизельдің бағасы белгілі болды

1 375

Ауыл шуаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген дизельдің бағасын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



«Көктемгі науқанды өткізу үшін өңірлерде 149,8 мың трактор, 4,9 мыңн анастам жоғары өнімді егіс кешендері, 76 сепкіш болды. Жұмыс басталарда барлық өңірлер бойынша техниканың дайныдығы 100 пайыз болды. Сондай-ақ, шаруалар егіс жүргізуге арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз етілді. Ақпан-маусым айларында шамамен 419 мың тонна дизель бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 мың тонна артық», - деді министр.


Оның айтуынша, елдегі мұнай өңдеуші зауыттарға дизельмен қамтамасыз ететін нақты өңірлер бекітілген.


«Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекітудің тиісті гарфигі жасалды және мұнай өңдеу зауыттары бекіткен баға тоннасына 222 мың теңге немесе литріне 184 теңге болды. дизельдің шекті рұқсат етілген бағасының өсуіне қарамастан, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін баға өзгеріссіз қалды», - деді Ербол Қарашөкеев.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.