9 адамды алдап кеткен алаяқтар ұсталды

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИПавлодар облысында жедел-іздестіру іс-шараларының кешені нәтижесінде интернет-алаяқтықтың бірқатар дерегін жасады деген күдікке ілінген адамдар тобының қылмыстық әрекеті тоқтатылды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Топ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, азаматтардың қаражатын заңсыз иемденуге бағытталған келісілген схема бойынша әрекет еткен.

– Полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстады. Бүгінде тергеу барысында тоғыз жәбірленуші анықталды, келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы шамамен 40 миллион теңгені құрайды, – деді Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Бұл ретте құқық қорғау органдары қылмыс эпизодтары мен жәбірленушілер санының артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Қазір болған оқиғаның толық мән-жайын, күдіктілердің әрқайсысының рөлін, сондай-ақ ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция цифрлық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды анықтау және жолын кесу, сондай-ақ осындай схемаларды ұйымдастыруға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жұмысты жалғастырады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.