Нидерландыда фастфудқа заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін

374
Нидерландыдағы бес ірі қаланың билігі фастфуд мейрамханаларына зиянды тағамдарды жеткізуге заң жүзінде тыйым салып, мұндай орындардың санын қысқартпақ деп хабарлайды Lenta.ru.  

Басылым мәліметінше, Амстердам, Гаага, Роттердам, Утрехт және Эде қалаларының билігі фастфудқа қарсы шыққан.

Жергілікті әкімшілік өкілдері Денсаулық, әл-ауқат және спорт мәселелері бойынша мемлекеттік хатшы Пол Блокхейске тиісті хат жолдаған. Хатта олар зиянды тағамдар ұсынатын мейрамханалар санын реттеуге қатысты өкілеттігін кеңейтуді сұраған.

Қазіргі уақытта муниципалитеттердің тұрғындардың тамақтану әдетіне ықпал етуге және нарықтағы зиянды өнімдер санын қысқартуға мүмкіндігі төмен.

Осыған қарамастан қалалар билігі голландықтар арасында кеңінен тараған семіздік ауруымен күесті күшейтуге тырысып жатыр.

Еске сала кетсек, дәрігер Крис ван Туллеке фастфуд өнімдеріне эксперимент жасап, оның ағзаға қаншалықты зиян екенін анықтаған еді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.