Қызылордада аңшылық дүкенді тонағандар ұсталды

376
Қызылордалық полиция қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік кезінде аңшылық дүкенді тонаған облыстың екі тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 6 қаңтарда таңғы сағат 5 шамасында белгісіз біреулер қаладағы аңшылық дүкеннің терезелерін сындырып, одан киім, бинокль, пышақ ұрлап кеткен.

Жедел шаралар нәтижесінде Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері дүкен тонаған екі адамды ұстады.

"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Қазір бұл дерекке қатысты ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы ("Тұрғын үйге, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жүргізіледі", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.