Қоқысты заңсыз үйгендерге 4,8 млн теңге айыппұл салынды

1 502

Фото: ШҚО ПДПавлодар облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Әсет Сыздықовтың айтуынша, мұндай орындардың пайда болуына көбіне қалдықтарды арнайы полигонға жеткізбей, белгіленбеген жерге төгетін жеке кәсіпкерлер себеп болады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Экологтер заңсыз қоқыс үйінділерін рейдтік шаралармен қатар ғарыштық мониторинг арқылы да анықтайды.

— Өңірде тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған 321 нысан бар. Оның тек үшеуі белгіленген талаптарға сәйкес келеді. Заңсыз қоқыс үйінділері жиі пайда болатын аумақтарға бейнебақылау камералары орнатылған. Мәселені шешу үшін төрт елді мекенде жаңа полигон салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Сонымен қатар облыста жылына 150 мың тоннаға дейін қалдық қабылдай алатын қоқыс сұрыптау орталығы жұмыс істейді, — дейді департамент өкілі.

Департамент ақпарынша, заңсыз қоқыс төккен жеке тұлғаларға шамамен 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Құқықбұзушылық қайталанса, айыппұл 200 АЕК-ке дейін ұлғаяды. Сонымен қатар заңсыз әрекетке пайдаланылған көлік немесе өзге де мүлік тәркіленуі мүмкін.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.