Баспана кезегінде тұрған 52 мыңнан астам адам тізімнен шығарылды

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИ"Отбасы банктің" сайтында мамандардың тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар туралы мәліметтерге кешенді түгендеу жүргізгені хабарланды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Қыркүйек айында "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін банкке қазақстандықтардың дербес деректерін жинау және өңдеу үшін жеке келісімін алудың қажеті болмаған.

"Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде меншік құқығында тұрғын үйінің болуына байланысты заңнамада белгіленген тұрғын үйге мұқтаж деп тану өлшемшарттарына сәйкес келмейтін азаматтар анықталды.

Нәтижесінде жеке меншік құқығында тұрғын үйі бар 52 535 азамат тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығарылды", - делінген хабарламада.

"Отбасы банк" ортақ бірлескен меншік құқығында тұрғын үйі бар азаматтардың мәліметтерін тексеруді жалғастыратынын ескертті. Заңнамада көзделген негіздер анықталған жағдайда, олар да тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығарылады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.