Семей әкімінің орынбасары мұғалімдерді көше сыпыруға мәжбүрлемегенін мәлімдеді

578
Семей қаласы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков мұғалімдерді көше сыпыруға мәжбүрлемегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Семей қаласы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков журналистерге берген мәліметі бойынша дау туғызған тазалық жұмыстары 16 қазанда өткізілген және оған қаладағы барлық мектептер қатысқан.

"Құжатта оқу жұмыстарын тоқтату немесе мүлдем болдырмау туралы нұсқаулар берілген жоқ. Шынында да, бір мектепте директор демалыста болып, оның орнына орынбасар
ы шешім қабылдаған. Сенбілік туралы хат меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарға жіберілді. Өйткені мұндай шараларды өткізу кезінде барлық жерде солай жасалады. Келуді міндеттейтін және бұл күні сабақ өткізбеу туралы сөз болған жоқ. Сабақтар тоқтатылған жоқ, онлайн режимінде толық жүргізілді", - деді Гариков.
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аталған фактіге орай тексеріс жүріп жатқандығын айтты.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.