Қызылордадағы қатеге толы көше аттары көптің ашуына тиді

973

Қызылорда қаласында орналасқан көше аттары қатеден көз аша алмай отыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде Қызылорда қаласында 800-ге жуық ресми көше атаулары бар. Алайда, көшелердің дені қазақ тілінде, кейбірі орыс-қазақ тілдерінде қатар берілсе, енді бірі адам есімдерін толық жазбай, тілді шұбарлап мазақ еткендей. Мысалы:
Қазақтың бір туар азаматтарының есімдерін жөнді жаза алмағанымыз қалай?! Көріп тұрғандарыңыздай, Ғабит есімін бермей тек «Мүсірепова» деп көше атауын берген. Ең қызығы қашаннан бері орыс әліппесінде «Ү» әріпі қолданылатын болған? Яки, Ғабит Мүсірепов емес басқа әйел кісінің құрметіне берілген көше ме дерсіз?!
Сонымен қатар, қазақтың бас ақыны Құнанбаевтың тегі берілмей тек есімі «Абая» деп жазылғанының өзі қате. Бұл – ұлы адамдардың есімін қор қылу. 


Қаламыздағы орталық көшелердің бірі Мұстафа Шоқай көшесінің атауы да ескіріп, жазуы өше бастаған. Тіпті, өмірінің соңына дейін мүгедек болып өткен ақын Зейнолла Шүкіров көшесінің қателері де жетіп артылады.

– Өздері Асқар ақын атындағы ғимаратта отырып, көшесін осылай сауатсыз жазады! Жақында З. Шүкіров ақынның туған күні! Бірақ, ол көшемен жүруге дәтім бармайды. Өзі мүгедек болып өткен ақынды “мазақ’’ еткендей көшесін де мүгедек еткен. Басқа да ұлы адамдардың есімін қор қылған Мәдениетіміз жасасын! – дейді әлеуметтік желі қолданушысы Айдар Сайлауов.
Ал, жергілікті билік тарапынан бұл жұмыстарға әлі сметалық құжат жасалмаған, тіпті қаржы қарастырылмаған. Өңірлік қоғам белсенділері ой-түрткі етпесе осы күйінде қала бере ме?


АЙБАР