Жұмыспен қамту орталығының мамандары 370 млн теңгеден астам қаржы жымқырған
Алматының Жұмыспен қамту орталығында ірі көлемде мемлекет қаржысы жымқырылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қала прокуратурасының мәліметінше, прокурорлар Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тексеру жүргізген. Оның қорытындысы бойынша «Еңбек» бағдарламасы арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге бюджеттен бөлінген қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр.
Қаз
Рус






