Қызылордалық полицейлер есірткі сақтаған 6 адамды анықтады

173
Қызылордада “Рефлекс” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі сақтаған алты адам анықталды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Қала көлемінде өтіп жатқан “Рефлекс” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальон қызметкерлерімен жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында есірткі затын сақтаған қала аумағында алты тұрғын ұсталды. 

Мәселен, 43 жастағы күдікті азаматты тексеру барысында оның сыртқы киімінің оң жақ қалтасынан қағазға оралған жасыл түсті өзіне тән иісі бар шөп тәріздес зат алынды. Сараптама қорытындысы марихуана есірткі заты екендігін бекіткен.



Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалды.  



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.