Тұрғын үйде өрт шығып екі бала көз жұмды
9 қаңтар күні Қарағандыда Пришахтинск көшесінде тұрғын үйде өрт шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар келгенге дейін 2017 және 2015 жылдары туған екі бала өздігінен сыртқа шығып, Балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген.
Алдын ала диагноз бойынша зардап шеккендер көміртегі тотығымен уланған.
ТЖМ күштерімен жалпы ауданы 50 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толығымен жойылды.
Өрттің алдын-ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды және сараптама тағайындалды.
Қаз
Рус






