Зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге 5,2 трлн теңге жұмсалды
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов республикалық бюджет шығысында әлеуметтік сала басымдыққа ие екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 94%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары – 96%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 92%-ға атқарылды.
Ержан Біржановтың дерегінше, жергілікті бюджет шығыстарының негізгі үлесі келесідегідей: әлеуметтік сала – 6,6 трлн теңге (51%); тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 1,9 трлн теңге (14,6%); көлік және коммуникация – 1,2 трлн теңге (9,3%); ауыл шаруашылығы – 750 млрд теңге (5,7%) бағытталған.