«Miras» аймақтық кеңесінің мүшелері бас қосты

102

Бүгін партия филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің мүшелері бас қосып, кезектен тыс президент сайлауын талқылады,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жиында Кеңес төрағасы Баймырза Қожамберлиев кеңес мүшелері атынан өңір тұрғындарын дауыс беруге белсенді қатысқаны және Президентті қолдағаны және сондай-ақ қоғамды Әділетті Қазақстанның құрылысына белсенді қатысуға шақырғаны үшін ризашылығын білдірді.

«Сырбойылықтар сайлауға белсене қатысты. Осының нәтижесінде Республика бойынша 2 орынды иемденіп отырмыз. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңісі – бәрімізге ортақ жеңіс. Себебі халық Әділетті Қазақстанды құрудағы Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен толық танысып, оның жүзеге асатындығына сенім артып отыр. Ендігі жерде Президентпен бір болып, аталған жұмыстарды жүзеге асыру міндеті тұр»,- деді ол.

Кеңес мүшесі Қаршыға Есімсейітова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі әдебиет пен өнердің жағдайы, туралы әрқашан айтып, өз қолдауын көрсетіп келеді. Бұл игі бастамасына қолдау білдірушілер қатары артып жатқаны қуатты Қазақстаның мығым әрі әділетті қоғам құрудағы жарқын бастамасы. Мұның барлығы ел әлеуетінің артуына тигізер әсері зор екенін атап өтті.

Кеңес төрағасының орынбасары Сәрсенкүл Биқожа «Әділетті Қазақстан» деп отырғанымыз барлығына бірдей тең мүмкіндік, тең жағдай жасау. Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай біздің ұлттық идеологиямыз әділеттікке негізделмек.Әділетті қоғам қалыптастырамыз десек барлығымыз еліміз үшін аянбай тер төгуіміз керек деді өз сөзінде.