Яна Легкодимованың қатігездікпен өлтірілген сәтінің видеосы жарияланды
Атырауда аса қатыгездікпен өлтірілген 23 жастағы Яна Лекгодимованың жоғалып кеткен түні бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеолары жария болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бойжеткеннің өліміне қатысты қылмыстық істі жүргізіп, дәлел мен айғақ іздеген Атырау облысық полиция қызметкерлері ұсақ-түйекке дейін мұқият тексерген. Айтуынша, үйдің жанына Ризуан Хайржановқа тиесілі ақ көлік келіп тоқтаған. Видеодан қыздың көлікке отырып жатқанын көруге болады.
Ер адам қызды күштеп көлікке итеріп жатқандай болды. Кейін олардың біреуі Янаны тұншықтырған, ал екіншісі қылмыстың ізін жасыруға көмектескен.







