Құрдасына 16 рет пышақ сұққан жасөспірім сотталмайды

1 500

Фото: ©Видеодан скринАлматыда 13 жастағы жасөспірім пышақтап өлтірген 12 жастағы Абылайхан Ержанұлының туыстары кінәлі баланы жазалауды талап етіп отыр. Жасөспірімнің жасы кәмелетке толмағандықтан, қылмыстық іс тоқтатылып, өзі бір жылға арнайы мектепке жіберілді, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Мән-жай

Қайғылы оқиға маусым айында әскери жатақханада болған. 

Абылайханның анасының айтуынша, балалар екеуіне де ұнайтын қызға бола жанжалдасқан. 13 жастағы оқушы Абылайханды сөйлесуге шақырып, кейін оған пышақпен шабуыл жасаған. Алғашында оған тоғыз рет пышақ сұғылғаны хабарланған. Алайда туыстарының сөзінше, сараптама қорытындысында 16 жарақат анықталған.

– Мұны бала жасады дейді. Ол бала емес, аса қатыгездікпен әрекет еткен қылмыскер. Оның бұл әрекеті кездейсоқ емес, алдын ала дайындалған. Оны бір жылға арнайы мекемеге жіберді. Бір жылда ол ештеңе түсінбейді. Мен осы іске қатысы бар адамдардың бәрі жазаланғанын қалаймын, – деді қаза тапқан баланың анасы Зәмира Бадалова.

Неліктен сотталмады?

Қазақстанда кісі өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Ал шабуыл жасаған жасөспірім оқиға кезінде 13 жаста болған. Сондықтан қылмыстық іс тоқтатылып, оның ата-анасына әкімшілік жаза қолданылған.

– Сот шешімімен жасөспірім ерекше режимдегі мамандандырылған мектеп-интернатқа орналастырылды. Қылмыстық істің тоқтатылуы ешқандай салдар болмайды дегенді білдірмейді. Ол профилактикалық есепке алынды, полиция оның мінез-құлқын тұрақты бақылауда ұстайды, – деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.