Тойдағы жанжал әлеуметтік желіде талқыға түсті
Қыз ұзату тойларының бірінде болған жанжал әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бишілер тарапының мәлімдеуінше, қонақтардың бірі қызды ұзату сәтінде белгіленген жерден өткізуге рұқсат бермеген бишілерге ашуланып, оларға қоқан-лоққы көрсетіп, күш қолданған.
Олардың сөзінше, қызды өткізбеу – бишілерге алдын ала берілген тапсырма болған. Алайда осы жағдайдан кейін ер адам мен оның анасы бишілермен жанжалдасқан.
Оқиғаға қатысты жазба жариялаған тарап қолдарында болған жағдайды түсірген видеолар бар екенін, сондай-ақ оқиғаға продюсер, ата-аналар мен басқа да куәгерлер куә болғанын мәлімдеді.
«Сотта кездесеміз», — деп жазды олар.
Әзірге екінші тараптың оқиғаға қатысты пікірі жарияланған жоқ.
Қаз
Рус






