Екі жасөспірім қыз 13-қабаттан құлап, қаза тапты

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИАстанада екі жасөспірім қыз көпқабатты тұрғын үйдің 13-қабатынан құлап, көз жұмды. Қайғылы оқиға 9 қараша күні кешке болған, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Телеарнаның мәліметінше, оқиға қыздардың бірі әжесімен бірге тұрған тұрғын үй кешенінде болған. Көршілерінің айтуынша, жасөспірімдер қайғылы жағдайға дейін 13-қабаттағы ортақ балконда шамамен жарты сағат отырған.

Пәтер иелері бірлестігінің төрайымы Ләйлә Кенжебаева бейнебақылау камерасының жазбасын көргенін айтты. Оның сөзінше, қыздардың бірі қатты күйзеліп, жылаған. Кейін екеуі жеделсатыға мініп, 13-қабатқа көтерілген.

«Қыздардың бірі қатты күйзеліп, жылап тұрған. Олар жеделсатыға мініп, 13-қабатқа көтерілді. Қолдарында хат болды. Балконға шығып, сол жерде жарты сағаттай отырды», – деді Ләйлә Кенжебаева.

Көршілерінің айтуынша, марқұмдардың бірі бірнеше ай бұрын әжесімен бірге осы үйге көшіп келген. Анасы шетелге жұмыс істеуге кеткен деген мәлімет бар.

Оқиғадан кейін тұрғын үй ауласында тергеу жұмыстары жүргізілген.

Полиция екі жасөспірімнің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғады. Қайғылы жағдайдың мән-жайы мен оған не себеп болғаны тергеу барысында анықталады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.