Бастауыш сынып оқушылары арасындағы төбелестің салдарынан оқушы ауруханаға түсті

1 731

Фото Tengrinews.kz/Алихан СариевПавлодарда бастауыш сынып оқушылары арасында болған жаппай төбелес салдарынан 4-сынып оқушысы ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға 13 наурызда мектептің жанында болған. 4-сынып оқушылары арасында жанжал болып, салдарынан балалардың бірі бас жарақатымен ауруханаға жеткізілген. 


Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің қатысуымен мінез-құлқы мектеп профилактикалық кеңесінде қаралды.

Полицейлер кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін оның қасақана әрекет жасауына әкеп соққан барлық ата-аналарды жауапкершілікке тартты.


Материалдар шешім шығару үшін сотқа жіберілді.


Осы баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.