Емшілікпен айналысқан әйел 4 жылға сотталды: 4,4 млн теңге алаяқтық жасаған
Құлсарыда емшілікпен айналысқан жергілікті тұрғынға сот үкімі шықты. Сот оның көлікті заңдастыруға және баспана алуға көмектесемін деп екі әйелді алдағанын анықталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Сотталушы жәбірленушілердің біріне Грузиядан әкелінген Subaru Outback көлігін есепке қоюға және салық мәселелерін шешуге жәрдемдесуге уәде берген. Көлік иесі оған шамамен 3,85 млн теңге бергенімен, уәде орындалмаған.
Ал екінші әйелге баспана алуға көмектесетінін айтқан. Қызметі үшін жалпы құны 570 мың теңге болатын үш төсек-орын жиынтығын алған. Тауар Атыраудан Құлсарыға жіберілген.
Екі жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 4 418 681 теңгені құрады. Іс сотта қаралғанға дейін бұл қаражат қайтарылмаған.
Сот әйелді 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Рақымшылық қолданылғаннан кейін жаза мерзімі 3 жыл 6 айға қысқартылды.
Алайда сотталған әйелдің тоғыз жас баласы бар болғандықтан, жазасын өтеу мерзімі екі жылға кейінге қалдырылды. Ол сот залында қамаудан босатылды.
Жазаны өтеудің кейінге қалдырылуы оны келтірілген залалды өтеу міндетінен босатпайды. Әйел жәбірленушілерге 4,4 млн теңгеден астам қаражатты қайтаруға тиіс.
Қаз
Рус






