Газ жарылып, дүкен қирады: үйінді астында адам қалған

1 581

Фото:gov.kzТеміртауда дүкенде газ жарылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


15 ақпанда сағат 08.06-да Теміртау қаласы Ватутин көшесіндегі 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дүкеннің 2 қабатты ғимараты қирап, жанғаны анықталды.


"Тексеру және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын ала анықталды. Үйінділерді тазалауға кірісті. Жұмыстарға ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 техника жұмылдырылды. 23 адам, оның ішінде 5 техника оқиға орнына бара жатыр", - делінген хабарламада.


Сағат 08.44-тегі жағдай бойынша үйінді астынан әйел адам шығарылған, оның айтуы бойынша, үйінді астында ер адам бар.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.