Алматыда тағы бір автобус апатқа ұшырап, 9 адам зардап шекті
Алматыда оқыс оқиға 16 шілдеде болып, жүк көлігі аялдамада тұрған №137 автобусқа соқтығысқан. Қоғамдық көлік қатты соққының әсерінен жеке үйдің қоршауына кіріп кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алматы полициясы жол апатының сағат 09:15-те Алматының Наурызбай ауданында болғанын мәлімдеді.
Жол апаты салдарынан тоғыз жолаушы зардап шекті. Жол-көлік оқиғасының басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендерге қажет тексерулер жүргізіліп жатыр.
Қаз
Рус






