Бүйрегін сатпақ болған ер адам сотталды
Көкшетау қалалық соты бүйрегін заңсыз сатпақ болған Ақтөбе тұрғынына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ер азамат бүйрегін заңсыз сатуға әрекеттенгені үшін сотталды.
Ақтөбе қаласының К. есімді 25 жастағы тұрғыны өз бүйрегін сату мақсатында заңсыз мәміле жасамақ болған (ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 116-бабы 1-бөлігі).
"Сот оның әлеуметтік желіде ағзасын келісілген бағаға сату туралы хабарландыру жариялағанын анықтады. Ол полиция қызметкерлеріне өз еркімен көмек көрсеткен және өзін сатып алушы ретінде таныстырған азаматпен келісім жасаған кезде ұсталды", - делінген сот хабарламасында.
Жаза тағайындау кезінде сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде оның шын жүректен өкінетінін, сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді.
"Сот К.-ны 1 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесті, сотталушы пробациялық бақылауға алынды", - деп атап өтті сот.
Сот актісі әлі заңды күшіне енген жоқ.