Өмір бойына дейін сотталуы мүмкін: Қазақстандықтарға шетелдегі соғысқа қатысқаны үшін қылмыстық жауапқа тартылатыны ескертілді

1 254

Фото: Александр Рюмин/ТАССҚазақстан өз азаматтарына басқа елдің соғысына қатысқаны үшін қылмыстық жауапқа тартылатыны туралы ескертті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде шет мемлекеттердің Қарулы күштерімен ақылы шарт жасасуға үгіттейтін жарнамалық материалдар мен видеолар таралып жатыр. Шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", – делінген ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Егер Қазақстан Республикасының азаматы жалдамалылық белгілері жоқ жағдайда шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе әскери әрекеттерге қасақана заңсыз қатысса, Қылмыстық кодекстің 172-бабына сәйкес, (Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу) 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Ал (Қылмыстық кодекстің 170-бабы (жалдамалық) бойынша жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты 7 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру немесе мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.