Қазақстанда жүк таситын әуе компания ашылуы мүмкін

1 364

Фото: eldala.kzSCAT әуе компаниясы жүк тасымалдайтын компания ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Жалпы бұл тапсырма бұған дейін де бірнеше рет айтылды, бүгін тағы қозғалды. Тасымалды жетілдіру үшін әуе жүк компаниясы керек. Қазір геосаяси жағдайды ескерсек, рейстердің бір бөлігі Қазақстан арқылы ұшады, яғни алғышарт қалыптасты. Енді Премьер-министр бұл жұмысты жеделдетуді тапсырып отыр. Осы орайда SCAT әуе компаниясының жүк авиакомпаниясын ашу жоспарында бар", - деді Талғат Ластаев.

Осылайша Көлік министрінің орынбасары отандық әуе жүк тасымалы компаниясын ашу жұмысының қолға алынатынын айтып отыр. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.