Сауда орталығында ер адам металл тірекпен витриналарды талқандаған

1 514

Фото: Zakon.kzАстанадағы сауда орталықтарының бірінде ер адам тәртіп бұзып, дүкенге зиян келтірген. Құқық бұзушының ұсталғаны туралы елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұзақының әрекеттері бейнебақылау камераларына жазылған.

Жарияланған бейнежазбадан ер адамның металл қоршау тірегін жұлып алып, бутик витриналарын сындырғаны көрінген.

Полицияның 2026 жылғы 3- ші ақпандағы мәліметіне сәйкес, 31 жастағы ер адам оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.

Аталған жағдай  Әуезов ауданындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде орын алған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.