Алматы облысында браконьер Қызыл кітапқа енген бірқазанды атып алған
323

Полиция мәліметінше, 19 тамызда Сарқан ауданының Балқаш көлі жағасында Алмалы ауылының 61 жастағы тұрғыны мінген "Нива" көлігі тоқтатылған. Оның көлігін тіркеу кезінде тірі дуадақ пен бірқазанның өлігі табылды.
"Атып алынған құс өз тобындағы ең ірісі. Оның саны айтарлықтай азайған және Қызыл кітапқа енгізілген", - деді Алматы облысы бойынша мемлекеттік басқару департаменті басшысының орынбасары Лариса Кан.
Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 337-бабы 1-бөлігі "Заңсыз аңшылық" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
"Құс атылған мылтық іс құжаттарына тіркелді. Алматы облысының аумағында 9 тамыздан 31 тамызға дейін "Браконьер" шарасы өткізіліп жатыр. Ол экологиялық заңнаманы бұзу деректерін анықтауға бағытталған. Мұндай шара Қарағанды облысында да өтіп жатыр", - деді Кан.