Екпе алмаған балалар мектепке бара алмай қалуы мүмкін: вице-министр түсіндірді

1 507

Фото: Opennews.kz ЖИҚазақстанда екпе алмаған балалардың сабаққа қатысуы сыныптастарының қаншасы екпе алғанына байланысты болуы ықтимал. Дегенмен Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов мұндай жағдайда әр баланың мәселесі жеке қаралатынын да атап өтті, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Құрылтайда өткен Үкімет сағатынан кейін өткізілген брифинг барысында журналист Манас Рамазановқа екпе алмаған балалардың мектеп пен балабақшаға баруына қатысты сұрақ қойды. Вице-министрдің айтуынша, мұндай балаларға бірден тыйым салынбайды. Шешім қабылдағанда сыныптағы немесе балабақша тобындағы балалардың қаншасы екпе алғаны ескеріледі.

"Егер балабақша тобындағы немесе сыныптағы балалардың басым бөлігі екпе алған болса, бір баланың екпе алмауы ұжымдық иммунитетке айтарлықтай әсер етпейді. Бірақ әр жағдайды жеке қарастыру керек. Ал топтағы немесе сыныптағы балалардың көбі екпе алмаған болса, әрине, олардың келуіне тыйым салынады", – деді Манас Рамазанов.

Дегенмен вице-министр бұл талаптың іс жүзінде қалай қолданылатынын нақты түсіндірмеді. Мәселен, екпе алмаған балаларға шектеу тек жұқпалы ауру тараған кезде қойыла ма, әлде тұрақты түрде қолданыла ма – бұл жағы белгісіз белгісіз болып отыр. Сондай-ақ мұндай жағдайда оқушылар қашықтан оқуға ауыстырыла ма деген сұрақ та жауапсыз қалды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.