9 жастағы баласын қораға қамап ұстаған

1 664

Фото: видеодан скриншотАнасынан зорлық-зомбылық көрген Артем Лебедев кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырылған. Сот шешімімен әйел енді ай сайын алимент төлейді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.


Полиция отбасының тұрмысын тексеріп, екі баланың адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқанына көз жеткізгеннен кейін сот 9 жастағы Артемнің анасы Светлана Лебедеваны ата-ана құқығынан айырды. Ол енді баласына алимент төлейді. 


Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Азамат Мұхтарұлы ақша баланың атына ашылған депозит шотқа аударылатынын айтты.

“Сот баланың құқықтары туралы конвенсияға сәйкес, ата-аналар баланың тәрбиесі мен дамуына, ең жақсы мүдделеріне жауап беруіне, бала олардың негізгі қамқорлығында екенін басшылыққа ала отырып, кәмелеттік жасқа толмағанның мүддесі үшін жауапкершілікті ата-ана құқықтарынан айыру туралы талапты қанағаттандырды. Сот шешімімен олардан баланы күтіп-бағуға алимент өндіріледі. Алимент баланың атына ашылған депозит шотқа аударылады”, – деді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.