Қызды ұрып-соққан әкімдік қызметкері жұмысынан босатылды
Алматы әкімдігі Ділмұрат Омаровтың 2022 жылдың қарашасынан бері Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы қызметін атқарғанын айтты.
Қазіргі таңда жанжалдың мән-жайын құқық қорғау органдары тексеріп жатыр. Жағдайға қатысушыларға қатысты құқықтық баға беру және тиісті ден қою шаралары жүргізілуде.
Бұған дейін алматылық қыз әкімдік қызметкері ұрып-соғып, қысым көрсетті деп шағымданған болатын. Сондай-ақ ол соққыға жыққан адамның бұрынғы жігіті екенін айтқан еді. Оқиға 17 ақпаннан 18 ақпанға қараған түні Алматыдағы мейрамханалардың бірінде болған.