Мемлекет қаржысын жымқырған спорт басқармасының экс-басшысы айыппұлмен құтылды

706

Жетісу облысы спорт басқармасының бұрынғы басшысы Алмат Үшкемпіровке бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 11 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Сот мәліметіне сүйенсек, Жетісу облысы спорт басқармасының бұрынғы басшысы өзінің қол астында қызмет еткен әріптесімен бірігіп, ақша жымқыру үшін жоспар құрған. 


Кейін қызметтесін спорт мектептерінің біріне жұмысқа жіберген. 


Осылайша сотталушылар спортшыларға арналған оқу-жаттығу өткіземіз деп мектеп бюджетінен 1 миллион теңгеден аса ақша бөлгізген. Нәтижесінде оның 900 мың теңгесін Алмат Үшкемпіров өз қалтасына басқан. 


Сот барысында Жетісу облысының бұрынғы басшысы кінәсін толықтай мойындап, жымқырған бюджет қаржысын толықтай қайтарып берді. 


Нәтижесінде сот оны кінәлі деп таныды. Оған 11 миллион теңгеден астам айыппұл тағайындалып, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды. Ал оған жәрдемдескен әріптесі кінәсіз деп танылып, оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.