Ресей Қазақстанды ядролық қарумен қорғайды

1 437

Фото: Ресей қорғаныс министрлігіРесей Федерациясы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу жаңартылған доктринаға сәйкес елдің ядролық «қолшатыры» ең алдымен ҰҚШҰ мемлекеттерін қамтитынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Шойгу бұрынғы доктрина Ресейдің одақтастарын қорғауды да қарастырғанын, бірақ жаңа нұсқада ҰҚШҰ елдеріне, соның ішінде Беларуське ерекше назар аударылғанын еске салды. Оның айтуынша, құжат маңызды тармақпен толықтырылған: енді кәдімгі қаруды қолдана отырып Беларуське қарсы агрессия немесе республиканың өмір сүруіне қауіп төнген жағдайда ядролық қаруды қолдану критерийлері нақтыланды.

Шойгудың мәлімдемесі Астанада өткен Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысында айтылды.

Тоқаев айтуныша ҰҚШҰ барлық қатысушы елдер үшін қауіпсіздік кепілі ретінде өзінің өзектілігін көрсетеді. Біздің келісілген іс-әрекеттеріміз, өзара сеніміміз бен қолдауымыз ең күрделі және өршіл міндеттерді шешудегі ұжымдық қабілетімізді нығайтады. Қазақстан ҰҚШҰ жай ғана әскери әріптестік емес, ол мемлекеттеріміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін күш-жігеріміз бен ресурстарымызды біріктіретін бірегей тетік екенін атап көрсетеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.