Президент тапсырмасы: Оңтүстіктен солтүстікке көшкендерге шаруашылық жер берілмек

368
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің оңтүстігінен солтүстік өңірлерге қоныс аударған тұрғындарға шаруашылық жер бөлу мәселесін реттеуді тапсырды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Көші-қон процестері де біздің еңбек нарығымызға үлкен әсер етіп отыр. Қазақстан – еңбек мигранттарын қабылдау саны бойынша ТМД-дағы екінші ел. Бұл саладағы проблемаларды дұрыс шешу қажет. Үкімет көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуі тиіс. Онда, сондай-ақ шетелде жұмыс істейтін азаматтарымыздың құқықтарын қорғау тетіктерін де көрсету керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Мемлекет басшысы ішкі миграцияны ынталандыруды шараларын әртараптандыруды да тапсырды.

"Үкімет елдің оңтүстігінен солтүстігіне қоныс аударған азаматтарға жәрдемақы бөлудің қолданыстағы тетігін қайта форматтауы қажет. Атап айтқанда, жәрдемақыны тек әкімдіктер арқылы ғана емес, оңтүстік өңірлерден өз бетінше жұмыс істейтін жұмыс берушілердің шығындарын өтеу арқылы да беруге болады", - деген Қасым-Жомарт Тоқаев осы жоба аясында кәсіпкерлікті қолдаудың маңызды екенін атады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.