"Азық-түлік корпорациясы" АҚ басшылары 350 мың теңге көлемінде пара алған

1 161

Азық-түлік корпорациясының басшылары пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.


“Азық-түлік корпорациясының өңірлік филиалдары мен ведомстволық бағынышты ұйымдарының бірқатар басшылары әшкереленді. Астықты ұрлау фактісін жасыру үшін пара беруге тырысқан кезде, астық базаларының бұрынғы директоры мен оның көмекшілері әшкереленді. Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды", – делінген хабарламада.


Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Астанада қаржы департаментінің директоры мен "Азық-түлік корпорациясы" АҚ бас менеджеріне қатысты тергеу аяқталды. Тергеу барысында олар бидай түрінде тауарлық несие бергені үшін коммерциялық ұйым басшысынан 800 мың теңге пара алғаны анықталды.


“Айыпталушылар сотқа тартылды. Арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша "Азық-түлік корпорациясы" АҚ Қостанай облыстық өкілдігінің директоры әшкереленді. Ол 350 мың теңге пара алды деп күдікке ілінді", – деп толықтырды Антикор.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.