СУДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ – БҮГІНГІ КҮН ТАЛАБЫ
389
Соңғы жылдары Сырдария өзеніндегі су ағынының азаюы, өңірдің экологиялық және әлеуметтік- экономикалық жағдайына әсер етуде,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттiгi.
Осыған байланысты барлық қаржы көздері есебінен жалпы ұзындығы 1 034 шақырымды құрайтын 162 каналды тазалау, 156 дана насос қондырғыларын сатып алу, 87 ұңғыманы жөндеу және бұрғылау, 322 дана гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
- Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 3,6 млрд.теңге қаржы бөлініп, 21 канал тазалау, 52 ұңғыманы қалпына келтіру және бұрғылау жұмыстары жүргізіленетін болса, қашыртқы суларды қайта пайдалану және елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 133 дана насос қондырғылары сатып алынатын болады. Бүгінгі күні елді мекендерге 61 насос қондырғысы жеткізіліп беріліп, 26 ұңғыманың бұрғылау жұмыстарымен 14 каналдың тазалау жұмыстары аяқталған. Сонымен бірге, бүгінгі күні, облыстық коммуналдық меншікке 226 су шаруашылығы нысандары алынған. Коммуналдық меншікке қабылданған су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең - кезеңімен атқарылуда. Үстіміздегі жылы облыстық бюджет есебінен 19 каналға су шаруашылығы жұмыстарын жасау көзделсе, оның 7-не су шаруашылығы жұмыстары аяқталды. Қалған су шаруашылығы нысандары бойынша келісім шартқа сәйкес жұмыстар жүргізілуде.Осы жұмыстардың нәтижесімен барлығы, ұзындығы 158,1 шақырым канал тазаланып, олардың бойындағы 25 дана гидротехникалық құрылыстар жөнделетін болады. Сонымен бірге, ағымдағы жылы елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында, 23 дана насос қондырғысы облыстық бюджеттен сатып алынды,- деді басқарма басшысы Марат Ердәулетұлы.