Медреседе 12 жастағы қыздарды жыныстық қатынасқа мәжбүрлейтіні рас па?

1 622

Әлеуметтік желіде "Қазақстандағы медреселерде 12 жастағы қыздарды жыныстық қатынасқа итермелеуде" деген пікірге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Нalyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап. 


"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл жалған ақпарат екенін мәлімдейді", – деді ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.

Оның айтуынша, ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледждер тек 15 жасқа толған қыздарды ғана оқуға қабылдайды.

"Мұндай жалған мәліметке сенбеуге шақырамыз және халықты білместікпен теріс ақпарат таратпауға үндейміз", – деді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.