Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі жарияланды
234
Зейнетақы қоры зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың 2023 жылға белгіленген ең төменгі жеткілікті шегін жариялады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа жеткілікті шек 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады. 2023 жылға белгіленген жеткілікті шек жас мөлшеріне байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейінгі соманы құрайды.
2023 жылға ең төменгі жалақы 70 мың теңгені, ең төменгі зейнетақы 53 076 теңгені, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңгені, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайды деп көзделген. Шекті мәндерді есептеу кезінде ескерілетін басқа да әлеуметтік маңызды көрсеткіштердің де мөлшері көтерілді.

Кейбір шекті мәндердің өзгеруіне оларды есептеу кезінде жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштердің ескерілуі себеп болады, - деп атап өтті БЖЗҚ.