12 жастағы қызын ернінен сүйген әкеге қатысты іс жабылды

1 503

Фото: ©Видеодан скринҚазақстанда 12 жастағы қызын ернінен сүйген әкеге қатысты полиция тексеруді аяқтады. Ер адамның әрекетінен қылмыс құрамы анықталмағандықтан, іс материалын есептен шығару туралы шешім қабылданған, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Қараша айының басында әлеуметтік желілерде әкенің 12 жастағы қызын ернінен сүйіп жатқан видеосынан кейін құқық қорғаушы Ләззат Рақышева полицияға және Бала құқықтары жөніндегі уәкілге шағым түсірген болатын.

Шығыс Қазақстан облысының полициясы шағымды тіркеп, тексеру бастаған. Оған жергілікті білім бөлімі мен әкімдік өкілдері де қатысқан. Ішкі істер министрлігі Ювеналды полиция басқармасының басшысы Асхат Дүйсембековтің айтуынша, қазыр тексеру аяқталған. Полиция ер адамның әрекетінен қылмыс белгілерін анықтамағандықтан, тексеру материалын есептен шығару туралы шешім қабылдаған. Алайда Асхат Дүйсембеков тексеру барысында қандай сараптамалар жүргізілгенін және кімдерден жауап алынғанын нақтыламады.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова пікір білдіріп, мұндай жағдайлардың алдын алуда балаларға жеке шекарасын түсіндіру маңызды екенін алға тартты. Оның сөзінше, биыл мектеп бағдарламасына "Жеке қауіпсіздік" атты жаңа курс қосылған. Жетінші сыныптан бастап оқушыларға бұл тақырып бойынша арнайы сабақтар өткізіледі.

"Меніңше, мұндай қарым-қатынас түріне жол беруге болмайды. Сондықтан биыл “Жеке қауіпсіздік” курсын енгіздік. Әр бала өз шекарасын қорғай білуі керек. Сондай-ақ ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсінгені маңызды", – деді министр.  

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.