Бетперде таққан белгісіз адам 49 жастағы адамды атып кеткен
Ақтөбеде 49 жастағы ер адам өз үйінде атып өлтірілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 16 қарашада болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бетперде киген белгісіз адам жеке тұрғын үйге баса-көктеп кіріп, 49 жастағы үй иесіне оқ атқан. Кейін үйдегі ақша мен бағалы заттарды, сондай-ақ марқұмның автокөлігін алып, қашып кеткен.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция департаменті.
Қаз
Рус






