Елімізде әскерге шақырылатындардың санын көбейту жоспарланып отыр

1 544

KazinformҚазақстанның Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметкерлер санын 40 180 адамға жеткізбек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қаулы жобасы "Ашық нормативтік құқықтық актілердің” интернет-порталында жариялады. Ол 19 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.


"2024 жылы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 40 148 ер азаматтың мерзімді әскери қызметке шақырылуын қамтамасыз ету керек", – делінген құжатта.


Айта кетейік, бұған дейін әскери қызметке 39 180 адам шақырылған еді. Негіздемеде олар "Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларды жинақтау үшін" мерзімді әскери қызметшілер санын көбейтуді көздеп отырғаны айтылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.