Синоптиктердің айтуынша жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін

538
"Қазгидромет" РМК мамандары қыркүйек айының 25-27 жұлдызды күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Бұған екі циклонның - солтүстік-батыс және оңтүстік, бірігуі ықпал етеді. Солтүстік аумақта және шығысында жаңбырдың арты қарға ұласады. Желдің күшеюі, түнде және таңертең тұман күтіледі. Республиканың батысында ауа температурасы түнде 7-15 градус, күндіз 15-25 градустан 10-20 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік-батыста түнде 3 градус аяздан 5 градусқа дейін, 3-11 градус жылыға дейін, күндіз 13-23 градустан 3-13 градусға дейін төмендейді. Елдің солтүстігінде және орталығында түнде сынап бағанасы 2-7 градусқа төмендейді. Ал республиканың шығысында 5 градус үсік жүріп, күндіз 7-17 градус жылы болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы күндіз 18-25 гдарусқа дейін жоғарылайды.  
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.