Ер адам спиртті сірке суы ретінде көрсетіп тасымалдаған

1 510

Фото:©Sputnik / Михаил Мордасов / Медиабанкке өтуҚостанай облысында 24 тонна спиртті заңсыз әкетудің жолы кесілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотталушы кінәлі деп танылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалған. Облыстық прокуратураның үйлестіруімен Қарабалық ауданындағы "Кайрак" өткізу пунктінде облыстық Экономикалық тергеп-тексеру және шекара қызметі департаменттері этил спиртін жалған құжаттар арқылы елден тыс жерлерге заңсыз әкету әрекетінің жолын кескен.

"Жеке тұлғаның республиканың оңтүстік өңірлерінен акцизделетін өнімді тасымалдауға лицензиясыз және кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркеусіз айтарлықтай мөлшерде тасымалдағаны анықталды. Салық салу объектісін жасыру мақсатында ілеспе құжаттарда жүк "алма сірке суы" ретінде көрсетілген", - деп жазылған хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 224-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалған. Қарабалық аудандық сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалған. Бұл мемлекет пайдасына 24 тонна этил спиртін тәркілей отырып, 786 400 теңгені құрайды. Үкім заңды күшіне енген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.