18 жастағы қыз бір апта бойы табылмай жатыр
Өскеменде тұратын 18 жастағы қыз үйінен таңертең шығып кеткен. Әлі күнге дейін оның қайда екені белгісіз, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, Әнел Ерік 12 қараша күні таңертең қаладағы Металлург саябағының маңындағы үйінен шығып кеткен. Қайда кеткенін айтпаған ол сол күні хабар-ошарсыз.
Ата-анасы сол күні полицияға хабарласып, көмек сұраған соң тәртіп сақшылары мен еріктілер жедел-іздестіру шараларына кіріскен. Алайда арада бір апта өтсе де 18 жастағы қыз табылмай жатыр.
Қаз
Рус






