Мемлекеттік гранттардың мониторинг есебі

119

2021 жылы «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 68 жас кәсіпкердің жобасына 248,7 млн. теңге грант қаражаты табысталды,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыруына грант беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап

18 (он сегіз) ай уақыт беріледі.   Әрине, қаражат қайтарымсыз болғандықтан оның сұрауы болады. Өңір экономикасын көтеру, бюджет қаржысының тиімілігін арттыру үшін талап жылдан-жылға күшейтіліп келеді.

Қаражаттың мақсатты жұмсалуына, жобаның толығымен іске қосылуына "Даму" қорымен мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Егер, келісім шартпен алынған міндеттемелер, мемлекеттік гранттар беру қағида талаптарының орындалмауы орын алған жағдайда қаражат сотпен бюджетке кері қайтарылады.

Биылғы жылдың тамыз-қыркүйек айларында «Даму» қоры 2021 жылы грант алған кәсіпкерлердің жобаларына мониторинг жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 18 кәсіпкердің жобаны толығымен іске қоспағаны, жұмыс орындарын құрмағаны, бұрын қолданыста болған құрал жабдықтарды сатып алу жағдайлары орын алғаны белгілі болды.

Қазір осы кәсіпкерлермен жасалған келісім шартты бұзу шараларын атқарылуда. Алдағы уақытта сот шешімімен бұл кәсіпкерлерге берілген 149,7 млн. теңге қаражат бюджетке кері қайтарылуы көзделуде.

Жалпы, қайтарымсыз грант қаржысын алған кәсіпкерлер мемлекеттің беріп отырған мүмкіндігін тиімді пайдаланып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтерудегі жауапкершілікті сезінуі тиіс.

Бұл жөнінде басқарма және конкурстық комиссия мүшелерімен БАҚ-та, әлеуметтік желі парақшаларында тұрақты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.