Сырдария ауданы бойынша діни ахуал тұрақты

1 529

Жалпы Сырдария ауданы бойынша қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. 2023 жылдың басынан есепті мерзімге дейінгі аралықта наразылық тудыратын немесе көңіл толмаушылық танытуға ниет білдірген митинг, пикет аудан көлемінде өткізу туралы өтініштер тіркелген емес, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.


Сырдария ауданында жалпы саны 463 әртүрлі этнос өкілдері бар және олардың 16 түрі мекен етеді. Өз кезегінде бұған дейін ауданда ұлтаралық қақтығыстық жағдайлары орын алмады. Бүгінде халық пен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында аудандық ассамблея ұйымы жүйелі жұмыстар атқаруда. Өзге ұлт өкілдерімен аудандық ассамблеяның құрамы – этномәдени бағыттағы бірлестік өкілдерінен, қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғалардан тұрады. Ассамблея қазіргі таңда,  «Аналар кеңесі», «Қоғамдық келісім кеңесі» және «медиация» сынды жұмыстар атқаруда.


Қазіргі уақытта мемлекеттік рәміздерді насихаттау, сонымен қоса халықтың рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссия тұрақты түрде өз жұмыстарын атқарып келеді. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның отырысы бекітілген жылдық жұмыс жоспарға сәйкес 1 рет өткізіліп, және ол жерде 3 мәселе қаралған болатын. Одан бөлек аймақ әкімдігі тарапынан аудан көлеміндегі 75 мекемеге мемлекеттік мекемелердегі рәміздердің жай-күйі күнделікті қатаң бақылауға алынып, жыл басынан бері 4 мәрте тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілді.


Сырдария ауданы бойынша 2023 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 103 шара енгізілген болатын. Ұлттық мерекелер мен мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер бойынша – жалпы 41 іс-шара, негізгі өткізілетін іс-шара – 28, мерейтойлық іс-шара – 24, еске алу шаралары – 10 шара енгізілді. Жоспарға енгізілген шаралар кең көлемде аталып, насихатталуда. Жоспарға сәйкес, 11 айдың қорытындысы бойынша –93 іс-шара өткізіліп, қалған іс-шара жыл соңына дейін өткізілуі тиіс. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2023 жылы жергілікті бюджеттен қоғамдық даму бөлімі арқылы 10 жобаға 19,245 мың теңге. бөлініп,  100 ден аса іс-шара өткізіліп, 2000 аса адам қамтылды.


Сырдария ауданы бойынша діни ахуал тұрақты. Аудандық теолог мамандар дін мәселелері бойынша  аудан халқымен тұрақты түрде арнайы жұмыстар атқарып, назардан тыс қалдырған емес. Атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде ауданда қоғамдық-саяси, діни шиеленіс тудыратын проблемалық мәселелер тіркелмеді. Қазіргі таңда, аудан бойынша 15 мешіт, 1 өзге діни бірлестік тіркеліп, жұмыс жасауда. Оның ішінде 4 мешіт бейне кармералармен қамтамасыз етілген. 2023 жылғы аудандық қоғамдық даму бөлімінің дін мәселелері жөніндегі ақпаратты насихаттау бойынша сәйкес, «Зайырлы қоғам мен жоғары руханиятты ел құру мемлекетіміздің басты бағыты», «Дәстүрлі емес шетелдік діни оқу орындарынан сақ  бол», «Жат ағымдардың зардабы», «Тәртіпті елдің, татулығы тұрақты», «Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту», «Деструктивті діни ағымдардың кері әсері» тақырыбында 3-акция, 38-кездесу өткізіліп, 2849 адам қамтылды. Әлеуметтік желілерде, интернет сайттарда деструктивті ағымдардың алдын алу мақсатында 230, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде 15 материал жарияланды.


Сырдария ауданы бойынша 14-35 жас аралығындағы 11727 жас бар. Сырдария ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес, жалпы 82 шара ұйымдастырылып, оған 4274 жас қамтылды. Сонымен қатар, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында кеңес беру және мәдени, спорттық шаралар өткізіліп отырады. Мәселен «Мүмкіндіктер алаңы» кеңес беру жобасы, аясында «Tulga bol» жылжымалы жәрмеңкесі мен еңбек лагері ұйымдастырылып, денсаулықты сақтау және көтермелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Сырдария барысы», көкпар, «Жеңімпаз бол» денсаулық фестивалі ұйымдастырылып, оған барлығы 350 жас қамтылды.


Жастар орталығы жанынан «Еркежан» қыздар клубы мен «Әкелер мектебі» клубы жұмыс жасауда. 6 ауылдық округте, яғни, Айдарлы, Аманкелді, Бесарық, Жетікөл, Шіркейлі, А.Тоқмағанбетов  «Жастар бригадалары» құрылып, бригада қатарына 150 жас жұмыссыз азаматтар қамтылды. Биыл республикада жастардың өңірлік базасы, яғни, отбасылық цифрлық картасы іске қосылып, аудан бойынша NEET санатындағы 245 жастың тізімі анықталып отыр. Бүгінгі күнге өзектендірілген жастардың ара жігі 56,33 % құрайды. Әлі де өзектендіруді қажет ететін 138 жас бар.


Аудан бойынша «Жасыл ел» еңбек жасағы аясында 220 жас уақытша жұмыспен қамтылып, кент орталығындағы көшелерде тазалық жұмыстары жүргізілді.


Аудандағы 38 мыңға жуық халықтың 48 пайызын әйел-аналар, қыз-келіншектер құрайды. Олардың басым көпшілігі білім, денсаулық, мәдениет салаларында қызмет жасайды. Осыған байланысты «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің жанынан  құрылған «Жас отау» клубы, «Әжелер мектебі» жұмыс жасауда. «Жас отау» клубында  жаңадан бас қосқан жас жұбайлардың аяқтарынан нық тұрып кетуіне байланысты кездесетін қиыншылықтарды шешуге ақыл кеңес айтылса, «Әжелер мектебінде» келін мен ене арасындағы туындайтын мәселелер туралы, әулеттің үлкендерінің жақсы дәстүрлері үлгі ретінде айтылып, насихатталып отырады.