Атырауда есірткі тасымалдаған мектеп оқушысы сотталып кетті

357
Атырауда синтетикалық есірткі тасымалдап, курьер болған 11 сынып оқушысына сот үкімі шықты. Енді ол жазасын түрмеде өтейді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Ол мұндай жұмысты интернет арқылы тапқан.

Оқушы жұмыс іздеп отырып, жоғары жалақы ұсынған хабарландыруды көріп қалады. Белгісіз компания жаяу жүретін курьерлерге жоғары жалақы ұсынады. Оқушы бірден келісіп, кейін жұмыс істей бастайды.

Мектеп оқушысы есірткі заттарын жеткізіп жүргенін білсе де, жұмысын тоқтатпады. Осылайша ол соттың үкімімен 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды,— дейді облыс прокурорының бірінші орынбасары Саян Бәкіров.

Аймақты жыл басынан бері оқушыларға қатысты 20 қылмыстық іс қаралған. Оның 7 — аса ауыр қылмыстар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.