Бес облыста әкімдік тарапынан бақылау болмай, көмірлер кәсіпкерлерге сатылған

168

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев 2022-2023 жылғы жылыту маусымы кезінде әлеуметтік көмірді бизнес субъектілеріне сату фактілері анықталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



“Өткен кезеңдегі тәжірибе көрсеткендей, жылу маусымы қызған шағында әлеуметтік көмірдің сату нүктелерінен шетке кету фактілері орын алды. Мәселен, еліміздің 5 өңірінде, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл,  Түркістан, Қызылорда және Алматы облыстарында 400 мың тоннаға жуық  көмір шетке кетті. Әкімдіктер тарапынан бақылаудың болмауына байланысты бірқатар өңірлік операторлар әлеуметтік көмірді  мақсатсыз, яғни бизнес субъектілеріне сата бастады”, – деді Марат Қарабаев.


Министрдің сөзінше, алдағы жылыту кезеңінде коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында көмірді автокөлікпен (6 ай мерзімге) және теміржол көлігімен әкетуді шектеуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдап жатыр. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.