Алимент алмаған отбасыларға мемлекеттен атаулы көмек беру ұсынылды

2 506

Фото: Opennews.kz ЖИҚазақстанда борышкерлерден алимент өндіре алмай отырған балалы отбасыларға атаулы қолдау шараларын енгізу ұсынылды. Бұл жөнінде Премьер-министрге жолдаған сауалында Құрылтай депутаты Лариса Ли мәлімдеді, - деп хабарлайды  Opennews.kz   ақпарат агенттігі.

Депутат сонымен қатар борышкерлердің нақты табысына бақылауды күшейтуді және өндіріп алу жүйесінің тиімділігін арттыруды талап етті. Оның сөзінше, ЖСДП партиясына балаларын жалғыз өзі асырап отырған аналардан шағымдар жиі түседі. 

Мұндай ата-аналар тамақ, киім, оқу мен емделуден бөлек, баспана жалдау ақысы мен коммуналдық қызмет шығындарын да толықтай өз мойнына алуға мәжбүр. Әсіресе үнемі оңалту мен медициналық көмекті қажет ететін мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға ауыр тиюде. Ал борышкерлер табысын жасырып, ресми түрде ең төменгі кірісті көрсетеді.

«Табыс пен мүлікті жасырудың түрлі тәсілдері қолданылады. Соның салдарынан сот шешімі тек қағаз жүзінде қалып, бала үшін оның ешқандай экономикалық нәтижесі болмай отыр», – деді Лариса Ли.

Депутат мемлекеттің алименттік міндеттемелердің орындалуын қадағалау және борышкерлердің нақты табысын анықтау деңгейін цифрлық платформалар арқылы тексеру қажеттігін атап өтті. Бұған қоса ол алимент алмаған отбасылар үшін тұрғын үй жалдау, коммуналдық төлемдер, мектепке дейінгі білім беру және несиелік жүктеме мәселелерін жеңілдетуді ұсынды.

«Біздің міндетіміз – қарызды тек қағаз жүзінде өндіру емес. Басты мақсат – баланың өмір сүруі мен дамуы үшін сот тағайындаған қаражатты уақытылы алуын қамтамасыз ету», – деп қорытындылады депутат.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.