Алтынның арты абақтыға апарды
Шығыс Қазақстан облысында заңсыз алтын өндірушілерге қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, 2025 жылдың маусым айында Үлкен және Кіші Шыбынды өзендерінің алқабында заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтары ұсталып, арнайы техника, жабдықтар, құрамында алтыны бар шикізат және ақшалай қаражат тәркіленген.
Қаскөйлер заңсыз түрде 15 кг алтын өндірген. Мемлекетке 766 млн теңге шығын келтірілген.
Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2026 жылдың 21 шілдесінде сотталушыларды аса ірі мөлшерде бағалы металды заңсыз өндіргені үшін кінәлі деп танып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырған.







